Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова Facebook-те жазды.
ERNUR.KZ. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова Facebook-те жазды.
"Қазір ғана Серікбай Әлібаев қаралы хабар жариялады. Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев қайтыс болыпты", - деп жазды Жүнісова.
Балташ Тұрсымбаев - 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші.