Олар әншінің Instagram желісіндегі фотосуретті пайдаланған.
Белгісіз бір адамдар әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, фейк аккаунтпен жалған ақпарат таратуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жайлы Димаш Құдайбергеннің әкесі Facebook парақшасында жазды. Қанат Айтбаев халықты алаяқтардан сақтануға шақырады.
«Назар аударыңыздар! Бұл жалған парақша. Алаяқтардан сақ болыңыз», - деп жазған Қанат Айтбаев.
Әншінің әкесі бөліскен суретте белгісіз біреулердің ақшаға қатысты жазба қалдырғаны баяндалған.
«Мен Димаш Құдайбергенмін. Мен 500 мың АҚШ долларын таратамын. «Махаббат» деп жазған алғашқы 100 адамға 5000 доллардан жолдаймын. Сәттілік!», - деп жазба қалдырған.