Бензин мен дизельді сыртқа шығаруға салынған шектеу мерзімі ұзаруы мүмкін

0
682

​Биыл сәуірде көлікпен бензин мен дизельді сыртқа шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылданған. Шектеу мерзімі – мамырдан қазанға дейін.


Бензин мен дизельді сыртқа шығаруға салынған шектеу мерзімі ұзаруы мүмкін

ERNUR.KZ. Елде бензин мен дизель отынын автокөлікпен сыртқа шығару мерзімі 6 айға ұзаруы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz.

«Қазақстан аумағынан жағар майлардан басқа (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0), көліктерді дайындаушы зауыт көздеген және техникалық шарттарға сәйкес белгіленген бензин багында әкетуді, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын ыдыстарды қоспағанда, бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) көлікпен әкетуге 6 айға тыйым салу енгізілсін», - деп Энергетика министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығының жобасында жазылған.