Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады.
ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдай жөнінде бүгін 20:30-да «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр.
Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді»,-делінген телеарнаның Facebook парақшасында.