Бес адамды атып өлтірген Дужнов сотта соңғы сөзін айтты

0
602

Алматыда өз үйінің ауласында 5 адамды атып өлтірді деп айыпталған Игорь Дужнов үкім шығар алдындағы соңғы сөзін айтты.


Бес адамды атып өлтірген Дужнов сотта соңғы сөзін айтты

ERNUR.KZ. Сот үкімі 26 сәуірде шығады, деп жазады Экспресс К.

Бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан іске 5 күннен кейін нүкте қойылады. 5 адамды жер жастандырған Игорь Дужновқа соттың қандай жаза тағайындайтыны белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін прокурор Дужновқа өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Бүгін айыпталушы үкім алдындағы соңғы сөзін айтты.

"Менде жәбірленушілерге деген өшпенділік болған жоқ. Отбасымды қорғауға әрдайым дайынмын. Менің ісімнен кейін Президент мұндай жағдайда үйден күштеп шығаруға мараторий жариялады. Ал енді бостандығым үшін күрес жалғасады. Оған кәміл сенемін", — деді Дужнов.