Бибігүл Төлегенованың есімі ЮНЕСКО-ның 20 ең атақты әйелдерінің тізіміне енді

0
1 164

"Менен бақытты адам жоқ" - Бибігүл Төлегенова.


Бибігүл Төлегенованың есімі ЮНЕСКО-ның 20 ең атақты әйелдерінің тізіміне енді

ERNUR.KZ. Қазақстанның халық әртісі, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова Алматыда 90 жасқа толған мерейтойын атап өтті, деп жазады «Хабар 24».

Шығармашылық кеш Абай атындағы опера және балет театрында өтті. Бибігүл Ахметқызының балалық шағы ашаршылыққа, ал жастық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан, табиғи таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында өнердің ең биік шыңын бағындырды. 70 жылдан астам уақыт бойы киелі сахнада жүр. Салтанатты кеште қазақтың салт-дәстүріне сай мерейтой иесінің иығына камзол, басына ақ жаулық жабылды. Ал, туған жері Семейдегі Мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенованың есімі берілетін болды. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Ермак Салимов хабарлады. Бибігүл Ахметқызының есімі ЮНЕСКО-ның 20 ең атақты әйелдерінің тізіміне енді. Концерт аяқталған соң халық сүйікті әншісіне ерекше ілтипат білдіріп, құшақ-құшақ гүл шоқтарын сыйлады.

- Халықтың ықыласына мен мың да бір ризамын. Мені ең бірінші халық көтерген. Құдайыма мың шүкір. Бүгін тоқсанға келсем де, «Қазақтың бұлбұл әнші қызы» болып отырғаныма мен өте бақыттымын деп санаймын. Менен бақытты адам жоқ, - дейді ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова.