Билікті басып алмақ: 20 қарашаға жоспарланған тәртіпсіздіктің жай-жапсары айтылды

0
450

Күдіктілер барынша залал келтіріп, бейбіт тұрғындар арасында дүрбелең тудыруды көздеген.


Билікті басып алмақ: 20 қарашаға жоспарланған тәртіпсіздіктің жай-жапсары айтылды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ жоспарының егжей-тегжейін жариялады, деп жазады zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, қаңтар оқиғасынан бері жекелеген радикалды адамдар елдегі жағдайды тұрақсыздандыру және Қазақстан Республикасындағы қалаларды басып алу жоспарларын құрған. Бұл ретте олардың назары Алматы мен Астанаға түскен.

"Наурыз айынан бастап ҰҚК қызметкерлері сот тыйым салған ДВК және "Көше партиясы" ұйымдарының белсенділері әрі қашқын банкир Мұхтар Әбләзовті қолдайтындардан құралған қылмыстық топтың ізіне түсті. Бұл топтың құрамында қылмыскерлер арасынан, бейәлеуметік топтардан шыққан түрлі әлеуметтік топ өкілдері бар. Прокуратура санкция бергеннен кейін бірнеше ай бойы қылмыстық топ мүшелерінің жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билікті басып алу және уақытша үкіметке келу жоспарлары талқыланған әртүрлі пәтерлер мен үйлердегі құпия кездесулері жазылып, құжатталды», - деді ҰҚК.
Олар қылмыстық топ қалалардағы көлік қозғалысын жауып, әкімдіктердің ғимараттарын, инфрақұрылым нысандарын, байланыс, БАҚ және телекоммуникацияларды басып алуды жоспарлағанын атап өтті.

Күдіктілер барынша залал келтіріп, бейбіт тұрғындар арасында дүрбелең тудыруды көздеген.