Білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды – ДСМ

0
705

Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген.


Білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды – ДСМ

ERNUR.KZ. Халықаралық тәжірибені ескере отырып және елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және 600 оқушыға дейінгі мектеп штаттық форматта жұмыс істейтінін хабарлады.

«600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында толтыру 50%-дан аспауы керек, бастауыш сынып оқушылары штаттық режимде білім алады. Бұл ретте оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакцинациялаумен қамту деңгейі ескеріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген: лекциялар – онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде өтеді», − деді министр.

Бұған қоса, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажеттігі айтылды.