Білімге құйылған инвестиция 16 пайызға азайды

0
912

Білім саласына биыл 175,2 миллиард теңге инвестиция салынған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 15,7% пайызға аз.


Білімге құйылған инвестиция 16 пайызға азайды

ERNUR.KZ. 2020 жылы білім саласына құйылған инвестиция көлемі 20,8 пайызға өсіп, 201,8 миллиард теңге болды, деп жазады Экспресс К.

Еnergyprom.kz басылымының жазуынша, білімге құйылған инвестиция көлемінің жартысынан астамы үздік төртікке тиесілі. Олар: Алматы (31,3 миллиард теңге), Түркістан олблысы (22,3 миллиард теңге), Шымкент (1939 миллиард теңге) және Нұр-Сұлтан (18.8 миллиард теңге).

Ал инвестициялардың ең аз көлемі батыс аймақтарға тиесілі. Мәселен БҚО (3 миллиард теңге), Ақтөбе (3,2 миллиард теңге), Маңғыстау (3,4 миллиард теңге) болса, Атырауға (3,7 миллиард теңге) бөлінген.

Сарапшылардың пікірінше, биыл білім беру саласына құйылған инвестиция көлемі былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға аз.