Бір ай бұрын жоғалған қыз табылды

0
1 545

17 жастағы қыз бір айдан соң үйіне оралды


Бір ай бұрын жоғалған қыз табылды

фото:ҚазАқпарат.

ERNUR.KZ. Семейде 1 ай бұрын жоғалған 17 жастағы қыз үйіне аман-есен оралды, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске салай кетейік, 23 шілде күні Сымбат Мұқатаева үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Жасөспірім қызды іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер жұмылдырылды.

1 айдан астам уақыт із-түзсіз кеткен қызды іздеген полиция қызметкерлері оны 27-ші тамыз күні тапты. Қазір қыз үйінде. Алайда Сымбаттың осы уақытқа дейін қайда болғаны белгісіз.

Анасы Маржан Тәжікова бұған қатысты ақпарат беруден бас тартты. «Ол жайлы ештеңе айта алмаймын. Бастысы балам аман-есен үйге оралды»,- деп сөзін қысқа қайырды.