Бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады – министрлік

0
826

Ендібірнеше құжаттарды жинаудың қажеті болмайды.


Бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады – министрлік

ERNUR.KZ. Бұдан былай қазақстандық азаматтар тек бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналаса алады, деп жазады baq.kz.

Яғни, бірнеше құжаттарды жинаудың қажеті болмайды. Бұл уақытты да, ақшаны да үнемдейді.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте tңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев осылай деді.
Енді, Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне келер болсақ. Бүгінде тек бір ғана жеке куәлікпен жұмысқа орналасуға болады. Бұл уақытты да, ақшаны да үнемдейді. Ал, бұрын жұмыс беруші талап ететін барлық құжаттарды жинап, тапсыру керек болатын, - деді вице-министр.
Оның айтуынша, еңбек келісімшарттарын электронды түрде жасасу жұмыс берушінің шығынын азайтады.
Яғни, сол жиналған құжаттарды басып шығару мен сақтауға шығын жұмсалмайды. Осы аталған процестерді істейтін қызметкерлерді штаттан қысқартуға болады. Бұл пилоттық жоба 2018 жылы іске қосылған болатын. Бүгін жүйеге 26 мың ұйым қосылып отыр. Нәтижесінде, 1,1 миллионнан астам еңбек шарттары электронды форматта жасалған, - деп хабарлады Нариман Мұқышев.
Баса айта кетейік, бұл – жұмысшылардың өз құқықтарын толық қорғауға мүмкіндік береді.