Бір күнде Covid-19 бен пневмониядан 109 адам қайтыс болды

0
1 052

Оның ішінде коронавирустан 93 адам, пневмониядан 16 адам көз жұмды.


Бір күнде Covid-19 бен пневмониядан 109 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 109 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде коронавирустан 93 адам, пневмониядан 16 адам көз жұмды.

22 тамыздағы мәлімет бойынша 123 773 адам коронавирус инфекциясынан (117 885 КВИ+ және 5 888 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 29 856 пациент стационарда,
  • 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 927 адамның жағдайы ауыр,
  • 523 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 249 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.