Бірқатар қазақстандық университеттің Ташкентте филиалын ашу мәселесі пысықталып жатыр

0
480

Ташкентте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалдарын ашу мәселесі пысықталып жатыр.


Бірқатар қазақстандық университеттің Ташкентте филиалын ашу мәселесі пысықталып жатыр

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі бейнеконференция байланысы режимінде Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 33%-ға өскен.

Екіжақты тауар айналымын $10 млрд дейін жеткізу үшін алдағы бес жылға Практикалық іс-қимыл жоспары қабылданды.

Сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Өзбекстанға ет-сүт өнімдерін, балық және одан жасалатын өнімдерді экспорттауға мүдделі екені айтылды.

Ташкентте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалдарын ашу мәселесі пысықталып жатыр.