Бірнеше министрлік 15 млрд теңге бюджет қаржысын игере алмады – Қаржы министрі

0
756

2022 жылдың бірінші тоқсанында министрліктер 15 млрд теңге бюджет қаражатын игере алмады.


Бірнеше министрлік 15 млрд теңге бюджет қаржысын игере алмады – Қаржы министрі

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады Stan.kz.

Министрдің мәліметінше, жергілікті бюджеттердің кірістері 125,7 пайызға атқарылды және 1 трлн 125 млрд теңгені құрады. Жоспар 230 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша 203 млрд теңгеге асыра орындалды. Кіріс бойынша жоспар Маңғыстау облысын қоспағанда, барлық дерлік өңірде асыра орындалып отыр.

"Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – 99, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,5, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 4 трлн теңгеге жуық шығыс жүргізілді. Атқарылмаған сома - 20 млрд теңге, оның ішінде 5 млрд теңге - үнем. Игерілмегені - 15 млрд теңге. Игерілмеген неғұрлым ірі сома Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы iстер, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты",- деді ол.

Ерұлан Жамаубаев қаражаттың игерілмеуіне шарттарды ұзақ жасасу, төлем негізділігін растайтын құжаттардың жоқтығы немесе ұсынылмауы, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың өткізілмеуі, есепті айда қаражат жұмсау қажеттілігінің болмауы себеп болғанын айтты.