Кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
"Қазгидрометке" орталығы елімізде үш облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.
2 қарашада түнде Көкшетау қаласында тұман түседі, көктайғақ болады.
2 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.