Тұтынушыларды электр энергияға кезең-кезеңімен қосу шаралары атқарылып жатыр.
ERNUR.KZ. "KEGOC" АҚ бірнеше облыста жарықтың өшуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 09:23-те 500 кВ-тық Екібастұз – Ағадыр Ж-5170 электр желісі аварияға байланысты ажыратылды. Технологиялық қорғану тетігі іске қосылды.
Осыған байланысты аварияға қарсы автоматика арқылы Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы, Түркістан қалаларында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілді.
Қазіргі кезде жарықсыз қалған тұтынушыларды электр энергиясымен қаматамасыз ету үшін оңтүстік өңірдегі станциялардың жүктемесі көтеріліп жатыр. Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС мен Мойнақ ГЭС-інің жүктемесі арттырылады. Зақымдану орнын анықтау үшін "KEGOC" АҚ мамандандырылған бригадасы жолға шықты.
Тұтынушыларды электр энергияға кезең-кезеңімен қосу шаралары атқарылып жатыр.