Бірнеше өңірде 40 градусты аптап ыстық болады

0
1 019

24-25 мамырда батыста 40С қатты ыстық күтіледі.


Бірнеше өңірде 40 градусты аптап ыстық болады

Таяу тәуліктерде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидромет ресми сайтына сілтеме жасап.

Кей өңірлерде жел күшейеді, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл соғады.

25-26 мамырда күндіз Павлодар облысында 35-38°С аптап ыстық болуы ықтимал, ал Павлодарда күндіз 35-37°С.

24 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда түнде солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

25-26 мамырда Маңғыстау облысында 42 градус аптап ыстық болуы ықтимал.

24-26 мамырда күндіз Қызылорда облысында 40-43°С градус ыстық болады. 24-26 мамырда кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. 24 мамырда өңірдің басым бөлігінде солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысында 24-25 мамырда кей жерлерде шығыстан 15-20 м/с жел тұрады, бұл өңірдің кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. 24-25 мамырда күндіз 40С қатты ыстық күтіледі.