​Біртанов емханаға жалған құжатпен тіркелетіндердің бар екенін айтты

0
1 274

Ол адам қай емханаға тіркелсе ақша сол емханаға беріледі.


​Біртанов емханаға жалған құжатпен тіркелетіндердің бар екенін айтты

Қазақстан азаматтары емханаларға egov.kz арқылы онлайн және ХҚКО барып тіркеле алады, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Бұл туралы Baq.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

«Бұрындары адамдар тұратын ауданына қарайтын дәрігерге баратын. Бүгінде азаматтарда дәрігер мен медицина ұйымын таңдау мүмкіндігі бар. Жүйе бойынша 18 млн адамның әрбірінде жан басына берілетін тарифтер бар. Ол адам қай емханаға тіркелсе ақша сол емханаға беріледі», - деді ол.

Оның айтуынша, елімізде әр күн сайын 6 мың адам, жылына миллион адам медицина мекемелеріне тіркеуге тұрады. Дегенмен оның бәрі медицина қызметін пайдалана бермейді.

«Жас, дені сау адамдар емханаларға бармайды. Қарт, жүкті әйелдер, балалар жан басына қаржыландыруға бөлінген ақшаны пайдаланады. Бірақ бұл жерде де тәжірибе мен уақыт деген нәрсе бар. Медициналық сақтандыру қоры биыл бірінші рет төлеуші ретінде жұмыс істеп жатыр. 2010-2012 жылдары жүйе пайда болғанда бәрі жаппай электронды тіркеле бастады. Тіпті өзім 5 жыл Астанада тұрсам да басқа облыста тіркеуде тұрғанымды білдім», - деді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі мұндай жағдайға Парламент депутаттарының да тап болғанын атап өтті.

«Жүйе бойынша ЖСН арқылы қайда тіркелгенін көруге болады. Биыл көптеген депутат басқа облыстарда тіркеуде тұрғанын байқағандарын айтты, бұл дегеніміз ақша ай сайын басқа жерге барады. Ендігі кезекте тіркелу ХҚКО арқылы жүргізіледі. Осыған дейін тіркелу үшін өтініш пен жеке куәлік көшірмесі ғана керек болатын. Ал азаматтарды тексере бастағанда жалған өтініштерді анықтадық. Енді egov.kz арқылы онлайн тіркелуге және ХҚКО барып тіркелуге болады», - деді ол.