Біртановтың ісі жалғасуда: Сот ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінен жауап алды

0
472

Сот процесінде куәгер ретінде Денсаулық сақтау вице-министрінің міндетін атқарушы Бейбіт Есенбаевтан жауап алынып жатыр.


Біртановтың ісі жалғасуда: Сот ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінен жауап алды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот процесі жалғасуда, деп жазады stan.kz.

Сот процесінде куәгер ретінде Денсаулық сақтау вице-министрінің міндетін атқарушы Бейбіт Есенбаевтан жауап алынып жатыр. Оның сөзінше, 2018 жылы ақпараттандыру платформасын қабылдау кезінде комиссия мүшелері оның жұмысы бойынша ескертулер айтқан.

Платформаны дайындау шетелдік Ericsson Nicola Tesla компаниясы на тапсырылған. 2021 жылдың қарашасына дейін банк кепілдігі мерзімі өтпейінше олқылықтарды жоюға міндеттеме алған.

Бұған дейін сотта Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, Заң департаменті директорының орынбасары Серікқоболсын Темірхановтан жауап алынған болатын. Қорғаушы тараптың көптеген сұрағына ол жауап бере алмаған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкер Денсаулық сақтау министрлігі не себепті сотқа шағым қабылдау комиссиясының 21 мүшесінің тек екеуінің үстінен түсіргенін түсіндіре алмады. Олардың барлығы платформаны қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған және осы үшін бұрынғы шенеуніктер сотталып жатыр.

23 маусымда прокурор Елжан Біртановқа тағылған айыпты жариялады. Ол "Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасын" медициналық мекемелердің қызметін автоматтандыруға және оларды басқаруға арналған ақпараттық жүйені әзірлеу кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Платформа азаматтарды медициналық мекемелерге бекіту, дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу, сондай-ақ тұрғындарға медициналық анықтамалар беру қызметтерін автоматтандыруды қамтамасыз ете алар еді.

Сондай-ақ Елжан Біртанов 2020 жылдың маусымында санитарлық авиацияны пайдалану кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған.

Еске салсақ, Біртанов 2021 жылдың 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін Елжан Біртановтың қамауға алынғаны белгілі болған еді.