ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісінің фигуранты, бұрынғы мәжіліс спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов екі жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Today.kz.
фото: ашық дереккөзден
ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісінің фигуранты, бұрынғы мәжіліс спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов екі жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Today.kz.
"Сот Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыповты пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған екі жыл, алты ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді сот үкімін оқыған судья.
Естеріңізге салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро нұсқасы бойынша "Бәйтерек" холдингі АҚ басқарма басшысы Қуандық Бишімбаев қаражат жымқыру үшін қылмыстық сызба құрып, құрылыс компанияларынан пара алып отырған. Соңғы ақпарат бойынша, ол сегіз рет пара алып, бір рет бюджеттен 1,2 миллиард теңге ақша жымқырған, жеті рет "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 346 миллион теңге пара алған.
Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі лауазымынан 2016 жылдың соңында босатылып, пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары 10 айға созылып, іс сотқа 14 қазанда жетті.
Қуандық Бишімбаев Астана сотының шешімімен мүлкінің тәркіленуімен он жылға бас бостандығынан айырылды.