Биыл 1 қарашадан бастап Қазақстанда жаңа ақылы жолдар болады

0
1 024

1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазан айынан тестілік режимде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.


Биыл 1 қарашадан бастап Қазақстанда жаңа ақылы жолдар болады

ERNUR.KZ. QazAvtoJol компаниясы жаұында пайдалануға беруге дайын ақылы учаскелер туралы жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда «Нұр-Сұлтан - Павлодар», «Шымкент - Өзбекстан шекарасы» (Ташкент), «Щучинск - Көкшетау», «Қапшағай - Талдықорған», «Шымкент - Тараз», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда» учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аталған учаскелерді пайдалануға беру туралы бұйрықтардың жобалары мемлекеттік органдардың келісуінде», - делінген компания мәліметінде.

Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазан айынан тестілік режимде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

«Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемелері 2013 жылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск» бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың келісуінде», - деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгермейтіні айтылған еді.