Биыл 14 мың ауыл тұрғыны өз бизнесін бастауға мүмкіндік алады

0
1 384

​Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Биыл 14 мың ауыл тұрғыны өз бизнесін бастауға мүмкіндік алады

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауылдық жерлерде жұмыссыз, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, әсіресе жастар қазіргі таңда кәсіпкерлікпен айналысқысы келеді. Жастар біреудің қол астында емес өздерінің бизнесін, кәсібін, жаңа жұмыс орындарын ашып, табыс табуға ниетті. Бірақ, ауылдық жерлерде үлкен проблема бар. Біріншіден, екінші деңгейлі банктер ауылдық жерлерге еш уақытта несие бермейді. Екіншіден, сол ауылдық жерлердегі жер учаскелерін, саман үйлерді кепілдеме ретінде алмайды», - деді вице-министр. Оның атап өтуінше, осыған байланысты өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске асыра бастап, оған 30 млрд теңге қаражат бөлінді. «2017 жылдың нәтижесін қарасақ оның экономикамыз үшін тиімділігі өте үлкен болды. Ауыл азаматтары үшін өте маңызды бағдарламаға айналып үлгерді. Тіпті бөлінген қаражат жеткіліксіз болып қалды. Мәселен, өткен жылы 15 мыңдай ауыл тұрғыны «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кіәсіпкерліктің негіздерін оқыды. Бірақ, соның 5 мыңдайы қаражат ала алмады. Олардың ынтасы бар, бизнеспен айналысқысы келеді», - деді ол.