Талаптар Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркияның стандарттарына сәйкестендірілген.
ERNUR.KZ. Биыл Сауда және интеграция министрлігі 15-тен астам «халал» стандарттарын әзірлеп, қабылдады. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Халал сертификаттау мәселелері сапа мәселелерімен көбірек байланысты. Осы жылы Сауда және интеграция министрлігі 15-тен астам «Халал» стандарттарын әзірледі және қабылдады, олар қазір өндіріске ену сатысында. Өткен жылы біз Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркияның стандарттау органдарымен тығыз жұмыс істедік, қағидаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргіздік. Бұл мәселе реттеледі және кезең-кезеңімен шешіледі», - деп түсіндірді Қайнар Тайжанов ОҚК өткен баспасөз мәслихатында.