Биыл елімізде Калашников автоматтары шығарылады

0
528

Сонымен қатар Airbus сервис орталығын ашу жоспарланған.


Биыл елімізде Калашников автоматтары шығарылады

ERNUR.KZ. 2022 жылы Қазақстанда Airbus ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және Калашников автоматтарын шығару бойынша сервистік орталықты іске қосу жоспарлануда, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл Қазақстанда Airbus әуе кемелеріне қызмет көрсету орталығы іске қосылады. Сонымен қатар, Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматтарын шығаруды бастау жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.

ИИДМ мәліметтері бойынша, 2022 жылы отандық қорғаныс кәсіпорындары келесі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

- "№405 Авиажөндеу зауыты" АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру;

- "Қазақстан авиациалық индустрия" ЖШС базасында Airbus әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік орталық құру;

- "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ базасында Мемлекеттік шекараны қорғау техникалық құралдарын өндіру;

- "Тыныс" АҚ, "Алма ДК" ЖШС және "Милитарм" базасында радиациялық және химиялық қорғаныс құралдарын өндіру;

- "Семей инжиниринг" АҚ базасында броньды машиналарды жаңғырту;

- "Stelmanufacturing" ЖШС базасында автоматты оқ-дәрілер шығару;

- "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС базасында "Барыс 8х8" броньды машиналарын шығару;

- "Тыныс" АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтарын шығару.