Биыл каналға түсіп, мерт болған балалар саны артқан

0
596

Биыл шомылу маусымы басталғалы елуге жуық адам суға кетіп, қаза тапқан.


Биыл каналға түсіп, мерт болған балалар саны артқан

ERNUR.KZ. Елімізде суару каналдарындағы суға түсіп, қаза тапқан балалар саны артқан, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында мәлімдеді.

Бүгінде проблемалық мәселелердің бірі – жүзу орындарының жанында олардың иелерінің жүзу құралдарын пайдалануы. Мысалы, олардың көп бөлігі Алакөл көлінде байқалады. Осыған байланысты, көліктік бақылау инспекциясы осындай учаскелерді патрульдеу жиілігін арттыруды талап етеді, - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, былтырғы статистика бойынша суға батқандардың көбі ішімдік ішкен соң шомылуға барғандар екені анықталған.

Суға батқандардың көпшілігі өткен жылы мас күйінде болған. Осыған байланысты өңірлерде бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүйесін енгізу қажет. Каналдар және арықтардағы балалардың өлімі ерекше назар аударуды қажет етеді. Жыл басынан бері Түркістан, Атырау және Жамбыл облыстарында суару каналдарында («Арыс-Түркістан», «Алтынбеков», «Газалкент», «Ошақты» каналдары және «Тасарық», «Р11-С» арықтары) балалардың суда қаза болуы тіркелді. Мәселен, Түркістанда - 8 бала, Атырауда – екі, Жамбылда бір бала канал суына түсіп қаза тапты, - деді министр.

Биыл шомылу маусымы басталғалы елуге жуық адам суға кетіп, қаза тапқан.