Биыл Қазақстан диплом сататын ЖОО-лардан біржола құтылады

0
801

Мемлекет басшысы мұғалімдерді даярлайтын ЖОО-ларда көбінесе үлгерімі нашар түлектер баратынын атап өтті.


Биыл Қазақстан диплом сататын ЖОО-лардан біржола құтылады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сататын ЖОО-лар туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр. 330 мың мұғалімнің 27 пайызы – зейнет жасын жақындаған немесе жеткен азаматтар», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы мұғалімдерді даярлайтын ЖОО-ларда көбінесе үлгерімі нашар түлектер баратынын атап өтті.

«Олардан кәсіби деңгейі төмен мамандардың шығатыны осыдан. Мемлекет тарапынан тиісті өкілеттік берілді. Қажетті ресурс бар. Сондықтан, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге жаңа талаптарға сай мұғалімдерді даярлайтын Жоғары оқу орындары қажет. Диплом сатып, жоғары білімнің беделін түсіретін жекеменшік оқу орындарынан біржола құтылу керек», - деді ол.