Биыл Қазақстанда пиротехникаға сұраныс артқан

0
703

2022 жылмен салыстырғанда биыл елге құны 215 мың АҚШ долларына және 71,8 тоннаға көп пиротехника әкелінген.


Биыл Қазақстанда пиротехникаға сұраныс артқан

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тұрмыстық пиротехникалық заттардың импорты туралы статистиканы бөлісті, деп жазады sputnik.kz.

"Биылғы қаңтар-қараша аралығында елімізге құны 663,9 мың АҚШ долларын құрайтын жалпы салмағы 231,1 тонна отшашу импортталған. Оның арасында петарда, фонтан, отшашу батареялары, бенгал оттары, түрлі-түсті түтіндер, жерүсті отшашулары және басқа да тұрмыстық пиротехникалық заттар бар" деп жазылған комитеттің ресми хабарламасында.
Отшашудың негізгі импорттаушысы – Қытай болса, Германиядан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан 17,6 мың АҚШ долларына 0,1 тонна отшашу жеткізілген.
2022 жылмен салыстырғанда биыл елге құны 215 мың АҚШ долларына және 71,8 тоннаға көп пиротехника әкелінген.
Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға құны 448,9 мың АҚШ доллары болатын 159,4 тонна тауар жеткізілді.