Биыл колледж студенттері үшін 11 жатақхана салынады

0
620

Жаңа жатақханалар Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында ашылады.


Биыл колледж студенттері үшін 11 жатақхана салынады

ERNUR.KZ. Биыл колледж студенттері үшін 2,6 мыңнан астам төсек-орынға арналған тағы 11 жаңа жатақхана ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.





Бұл шаралар оқытудың табысты процесін қамтамасыз етуге және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған, деп атап өтті ведомстводағылар.
"Колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылады. Былтыр ғана еліміздің тоғыз өңірінде 2,5 мыңнан астам орындық 13 жатақхана ашылды. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Биыл Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы 11 жаңа жатақхана іске қосылады. Қазіргі таңда олардың құрылысына инвесторлар тартылуда", - деп мәлімдеді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Қазір елдегі колледж студенттерінің 87%-тен астамы жатақханада тұру мүмкіндігіне ие.