Биыл қосымша 30 мыңнан астам қазақстандық оқушы үйірме мен спорттық секцияға барды

0
816

Бұл мақсатқа қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.


Биыл қосымша 30 мыңнан астам қазақстандық оқушы үйірме мен спорттық секцияға барды

ERNUR.KZ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша оқушыларға қосымша білім беру туралы мемлекеттік тапсырыс аясында 33 737 бала түрлі үйірме және спорттық секцияға баруға мүмкіндік алды, деп жазады inform.kz

Аталған мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растап отыр.

«Бүгінде оқушылардың үйірме, спорт секциясына жазылуы мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асырылады. Яғни оқушы мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қалаған үйірме немесе спорттық секцияға жазыла алады. Аталған шараны басқаша айтқанда оқушыларға қосымша білім беру деуге болады. Қосымша білім беру бойынша оқушыларды қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №219 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша аталған бұйрыққа сүйене отырып жергілікті атқарушы органдар жыл сайын бекітілген бюджет қаражат көлемінде мемлекеттік тапсырысты орындайды», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған хабарламада. Министрлік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қосымша біліммен қамтылған оқушылардың 80,7%-ы үйірмелер мен спорттық секцияларға тегін қатысып жатыр. «Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 33 737-ден астам мектеп оқушысы үйірме және секциясымен қамтылды. Бұл мақсатқа қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бүгінде қосымша білім беру контингентінің 80,7%-ы үйірмелер мен спорттық секцияларға тегін барады. Ол дегеніміз шамамен 803 027 бала. Ауылдағы оқушыларда назардан тыс қалған емес, қазір ауылдық жерлерде 2 942 секция жұмыс істеп тұр. Жоғары аталған 800 мыңнан астам оқушының ішінде 468 401 бала қосымша білімді министрлікке бағанысты ұйымдардан алып жатыр, ал қалғаны мемлекеттік тапсырыс аясында жеке ұйымдардан білімін сусындатуда», - делінді министрліктен.