Биыл өкілеттігі аяқталатын 17 сенатордың тізімі шықты

0
1 986

Бұл орындарға кандидаттарды ұсыну 13 маусымда басталады.


Биыл өкілеттігі аяқталатын 17 сенатордың тізімі шықты

ERNUR.KZ. 2020 жылдың 14 қазанында ҚР Парламенті Сенатындағы өңірлерден сайланған 17 депутаттың өкілеттік мерзімі аяқталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының Сенат сайлауына дайындық және оны өткізудің күнтізбелік жоспарын бекіту туралы жиналысында айтылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі осы жылдың қазан айында аяқталатынын атап өтті. Осылайша, 2020 жылдың 12 тамызында республиканың 17 өңірінде еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы жоғарғы палатасының бір-бірден депутатын сайлау қажет. Себебі, Конституцияға сәйкес Сенатты Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды.Өкілеттігі аяқталатын сенаторлар тізімі төмендегі кестеде:

Айта кетейік, Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл ретте жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Биыл 12 тамызға белгіленген Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымда басталады. Ол сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша, 2020 жылғы 12 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады.

Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады.