Биыл Үкімет елдегі қымбатшылықты екі есеге төмендетуді көздеп отыр – Смайылов

0
517

Премьер-министр Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны баяулату үшін тиісті шаралар атқарып жатыр дейді.


Биыл Үкімет елдегі қымбатшылықты екі есеге төмендетуді көздеп отыр – Смайылов

ERNUR.KZ. Қазақстан Үкіметі биыл инфляцияны екі есеге азайтуға күш салады. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жылдық инфляция 18,1 пайызға дейін баяулады. Соңғы төрт аптада әлеуметтік маңызды азық-түліктің инфляциясы тіркелген жоқ. Біз биыл инфляцияны екі есеге азайтуды көздеп отырмыз», - деді Смайылов баяндамасында.

Премьер-министр атап өткендей, биыл 4,4 млн адам көтерілген әлеуметтік төлеммен қамтылмақ.