2029 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде тозу көрсеткіші 75% - дан асатын 47 жобаны іске асыруға 69,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа шамамен 107 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жоспарлануда", – деді министр.
Жалпы, 2029 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету міндеті тұр.
"Жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау жобалары бойынша тиісті өтінімдер мен құжаттамаларды (жобалау-сметалық құжаттамаларды, мемлекеттік сараптама қорытындысы және т.б.) ұсыну жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет. Бүгінде 2024 жылғы республикалық бюджетті қалыптастыруда 54,7 млрд теңге сомасына жылу жүйелерінің 43 жобасына ғана өтінімдер бар", – деді Марат Қарабаев.