Биылғы ҰБТ-дан ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі

0
798

Супер күшті, заманауи ноутбуктар Ақтауға, Шымкентке және Түркістан облысына жіберілетін болады.


Биылғы ҰБТ-дан ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі

Биылғы ҰБТ-дан ең көп балл жинаған түлектерге сыйлық беріледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"ҰБТ 2020 қорытындысы бойынша 140 балл жинаған балаларға ноутбук сыйға береміз деп уәде еткеніміз есіңізде болар! Өкінішке орай, біз ондай нәтижеге жете алмадық... Бірақ, біз лайықты балаларға осындай пайдалы сыйлықты тарту рахатын жіберіп алғымыз келмеді. Сондықтан, ҰТО ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен 139 және 138 балл жинаған 2020 жылғы түлектер осындай керемет бонус алатын болады! Барлығы 6 бала болды, дегенмен біреуінің нәтижелері бейнежазбаларды қарағаннан кейін жойылды.
Сонымен, супер күшті, заманауи ноутбуктар Ақтауға, Шымкентке және Түркістан облысына жіберілетін болады.
Біз әдейілеп ойынға арналған модельдеріне тоқталдық, өйткені олардың сипаттамалары өте мықты (сөзге тиек болсын, оларды бір айдай күттік) және балалар оқудан бос уақыттарында олардың мүмкіндіктерін соңғы нұсқадағы ойындар мен бейнередакторларда жұмыс істей отыра бағалай алады. Пікірлердің алдын орағытып, атап өтейін: олардың тест тапсыру бейнежазбалары толықтай «микроскоп арқылы» тексерілді және ең жоғарғы нәтижелерге, халқы көп шоғырланған, ҰБТ-ға қатысушылар саны ең көп аймақта қол жеткізілді! Бақытты жандарды құттықтап, оқуда сәттілік тілейміз!" - дейді Дидар Смағұлов