Бизнеске арналған барлық қызмет онлайн-платформаға көшеді

0
868

6 өңірде офлайн офис іске қосылады.


Бизнеске арналған барлық қызмет онлайн-платформаға көшеді

ERNUR.KZ. Сенатта өткен парламенттік тыңдауда ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты тексеру жүргізуге 3 жылдық мораторий қолданылып жатқанын еске салып, шара шеңберінде 1 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тексеруден босатылғанын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

«Кәсіпкерлер үшін әкімшілік жүктеме төмендетілді. Бұл бизнес жүргізудегі тұрақтылыққа ықпал етеді», – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, «Бизнеске арналған үкімет» онлайн-платформасы негізінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматы іске қосылды. Осы арқылы 200-ге жуық мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қолдау шарасы ұсынылды.

«Өз бизнесін дамыту мәселесі бойынша қызметтердің барлық спектрін онлайн-режимде пайдалануға болады. 11 өңірде толық форматты офлайн кеңселер жұмыс істейді», – деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, 2021 жылға қарай бизнеске арналған барлық қызметтер онлайн-платформаға интеграцияланып, 6 өңірде офлайн офис іске қосылады.

«Биыл бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған реформалардың 8-пакеті қабылданды. Бірқатар қызметтер электронды форматқа ауыстырылды. Жылжымайтын мүлік мәмілелерінің қауіпсіздігі артты, құрылысқа қатысты бірқатар талаптар алынып тасталды», – деді ұлттық экономика министрі.