БҚО-да 56 жастағы ер адам жоғалып кетті

0
1 132

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды іздеумен айналысып жатыр.


БҚО-да 56 жастағы ер адам жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 56 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

15 қыркүйек күні Мергенбай Кубашев Январцево ауылындағы үйден шығып, жоғалып кеткен. Әпкесі Жұмағыз Кубашеваның сөзінше, ер адам өзімен бірге телефоны мен құжаттарын алмаған. Ер адам ішінара есте сақтау қабілетінен айырылуға шалдыққан.

"Ол көктемде бір рет кетіп қалған, сол кезде орман жолағынан табылды. Осы жолы төртінші күн қатарынан таба алмай отырмыз. Денсаулығына байланысты проблемалары бар, алкоголь ішпейді. Біз оны ойлап алаңдап отырмыз", - деді әйел.

Туыстары полицияға арыз жазып, бүгінде ер адамды тәртіп сақшылары мен ауыл тұрғындары іздестіріп жатыр.

Туыстары Мергенбай Кубашевтің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамдардан 8 (777) 358-98-72 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.