БҚО-да 8 метрлік алып аққала қаланды

0
2 415


БҚО-да 8 метрлік алып аққала қаланды

Теректі ауданының орталығы Федоров ауылының тұрғыны Ерлан Рысқалиев биіктігі 8 метрлік аққала соқты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде аудандық балалар шығармашылығы үйінің басшысы Геннадий Креймер редакциямызға арнайы келіп айтты. Алып аққаланы көру үшін журналистер Ерланның үйін барған.

Жақында ресейлік «Сливки шоу» арнасы #slivkishow, #100кзаснеговика хэштегімен байқау ұйымдастырған болатын. Сайыстың шартында ұйымдастырушылардың Қазақстан бойынша ең биік 100 аққаланы анықтайтыны, аққала тұрғызғанда ешқандай техника қолданбай, түрлі тәсілдерді, сондай-ақ уақытты тиімді пайдалану қажеттігі жазылған. Содан отбасымызбен сайысқа қатысуға бел будық. Өздеріңіз көріп отырғандай, 7 күннің ішінде ойымдағы аққаланы соқтым. Оңай болды деп айта алмаймын. 8 метрге баспалдақпен шығып, су құю, жан-жағын ағашпен тегістеу сынды жұмыстар көп күшті талап етті. Байқауға қатысып жатқанымды естіп, қолдаған достарым Арман Серіков пен Жасұлан Онбаевқа алғысым шексіз. Қолымнан келетініне сендіріп, демеу болған жұбайым Заринаға да ризамын, - деді Ерлан Мақсотұлы.

Ерланның жары Зарина Дышекова, отағасының еңбегін бір апта бойы ұялы телефонына түсірген.

«Біз бұл бейнені «Алмазик ТВ» рнасын көретін балаларға арнап түсірдік. Балғындарға мақсатқа жету жолында ештеңеден тайынбай, алға ұмтылуды, төзімді болуды үйреткіміз келді»,- дейді ол.

Сайыс қорытындысы келесі аптада шығады. Жеңімпазға 100 000 рубль ақшалай сыйлық берілетін көрінеді.

дереккөз: zhaikpress.kz