БҚО-да ер адам балаларды құтқарамын деп жиенімен бірге суға батып кеткен

0
413

Батыс Қазақстан облысында ер адам жиенімен бірге суға батып кетті.


БҚО-да ер адам балаларды құтқарамын деп жиенімен бірге суға батып кеткен

ERNUR.KZ. 33 жастағы ер адамның денесі табылған, ал жеті жасар баланың денесін құтқарушылар мен сүңгуірлер екінші тәулік бойы іздестіруде, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға 2 тамызда Теректі ауданының Ақжайық ауылында Жайық жағасында болған. Мәліметтерге сүйенсек, төрт ересек адам мен екі бала жағажайда демалып жатқан. Сағат 16:00 шамасында ересектер қыз бен ұлдың суға бата бастағанын байқап қалған.

Демалушылардың бірі оларға көмекке ұмтылған. 35 жастағы ер адам қызын судан алып шыққан, бірақ 7 жасар жиенін аман алып қала алмапты. Оның үстіне өзінің де күші таусылып, су түбіне кете бастаған. Ер адамның денесін кеше жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Ал баланың денесі әлі табылмаған.

Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға орнынан жақын маңдағы құтқару пунктіне дейін 60 шақырым екенін айтты.

“Сегіз адамнан тұратын бөлімнің сүңгуірлері мен құтқарушылары, екі жүзу техникасы жұмылдырылған. Су қоймасының бұл учаскесі шомылуға арналмағанын, судың орташа тереңдігі кей жерлерде 10 метрге дейін жететінін атап өткім келеді. Ал ағыстың жылдамдығы секудына бір метр”, – дейді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.