БҚО-да құс еті өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

0
1 879

Жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде талапқа сай келмейтіні анықталды


БҚО-да құс еті өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында құс еті өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Гүлбақыт Наурзалинаның айтуынша, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жеке кәсіпкерлердің атына ұйғарымдар толтырылған. Жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нә­тижесінде 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде тұтынушылар пайдаланатын та­ғам және тағам емес өнімдер зерттеледі. Барлық сынама «Ұлт­тық сараптама орталығының» облыс­­тық филиалында сараптамадан өткізіле­ді. Зерт­­теу нәти­же­сі көрсетіп отырған­дай, өнімдердің 11 пайызы Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптары­на сай емес. Оған қоса, ми­к­робиология­лық, физика-химия­лық көр­сет­кіштердің сәйкес келмеуі де кезде­седі. Мәселен, ішек таяқшасы тобының бак­­­териялар, патогенді микроағзалар табылған.

Санитарлық-гигие­­на­лық, техни­ка­лық регламент талап­­та­рының ауыт­қуы көбінесе аспаздық өнім­дер, сүт және сүт өнімдері, құс еті және балық өнімдері арасы­нан анықталды. Сәйкес келмейтін өнім­дердің басым көп­шілігін импорттық тауарлар, соның ішінде Ресей Федерациясы­ның өнімдері құ­райды.

«Өнімдерді сатып алған кезде тұрғындардың өздері алданып қалмауға мүдделі болғаны жөн. Тағамнан улану жағдайларын болдыр­мас үшін тұтынушылар өнімдерді тек белгіленген сауда нысандарынан алуы қа­жет. Тұтынушы ресми тіркелген нысандарда өнімнің сапасы туралы құжаттар­ды сұрауға құқылы. Тұтынушылар өнімді сатып аларда тауардың сыртқы келбетіне және таң­басына назар аударғаны дұрыс. Тауар­дың таңбалануында өндірілген уақыты, жарамдылық мерзімі, өндіруші және құрамы туралы мәлімет көрсетілуі керек», - деді Гүлбақыт Наурзалина.