Блок бекеттегі ойран: Экс-полицейге үкім оқылды

0
596

Азаматовтың өзі сотта болған жоқ.


Блок бекеттегі ойран: Экс-полицейге үкім оқылды

ERNUR.KZ. Экс-полицей Азат Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім оқылды, деп жазады zakon.kz.

"1994 жылы туған Азаматов кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айырылсын", - деді судья Мәди Көшікбаев.

Сонымен бірге, сот шешімімен Азат Азаматов қайтыс болған полицейлердің туыстарына моральдық және материалдық шығынын өтеуге міндеттелді.

Азаматовтың өзі сотта болған жоқ. Ол үкімді видеоконференцбайланыс арқылы тыңдады.

25 мамырда Алматының Қарасай ауданында мас жүргізуші көлігімен блок бекеттегі бетон қоршауға, сосын патруль көлігіне соғылған болатын. Оқиға салдарынан екі полицей қаза тауып, үшіншісі ауруханаға жеткізілген.

BMW жүргізушісі Азат Азаматов – бұрынғы полиция қызметкері болып шыққан.