Былтыр Boeing 80 миллиард долларға жуық табыс тапқан.
ERNUR.KZ. Әуе қатынасы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған қазақстандық делегацияның Boeing компаниясының өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.
Сапар барысында қазақстандық делегация Boeing ұшақтарын құрастыру барысымен танысты. Сол сәтте отандық әуе компаниялары үшін ұшақтарды жеткізу мәселесі де талқыланды.
"Қазақстаннан АҚШ-қа алғашқы тікелей әуе рейсі Dreamliner 2025 жылдың соңына дейін жеткізілетіні расталды. Аталған іс-шара Қазақстанның әуе паркін нығайтуға және елдегі әуе тасымалының деңгейін арттыруға арналған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Boeing өкілдері қазақстандық делегацияны компанияда жүзеге асырылатын цифрлық трансформация барысымен таныстырды.
Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Boeing – аэроғарыштық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы компания. Ол тек азаматтық қана емес, әскери және ғарыштық ұшақтарды да шығарады. Boeing компаниясының өндірістік қуаты бүкіл әлемде орналасқан және компания өзінің инновациялық шешімдерімен және жоғары сапа стандарттарымен танымал.
Былтыр Boeing 80 миллиард долларға жуық табыс тапқан. Ең қызығы, әлемде орташа есеппен әр 2 минут сайын Boeing ұшағы ұшады.