Оған іздеу жарияланғанына 2 күн болды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Шүменовті іздестіру туралы хабарландыру 22 шілде күні ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Еске салайық, 18 маусым күні Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде спортшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Төбелестің бейнежазбасы желіге таралған. Осы жайттан кейін былғары қолғап шеберіне "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған болатын.
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті "Қорқыту" бабы бойынша жауапқа тарту қажеттігін айтты.