Болат Назарбаев «Алтын орда» базарының иесі емес

0
963

Тамыз айында Алматыдағы «Алтын орда» базарында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған еді.


Болат Назарбаев «Алтын орда» базарының иесі емес

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сауда және интеграциялар министрі Арман Шаққалиев тілшілермен өткізген брифингте айтты, деп деп жазады inform.kz.

Тамыз айында Алматыдағы «Алтын орда» базарында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған еді.

Арман Шаққалиев «Болат Назарбаев базар иесі ретінде жауапқа тартыла ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Біз зерттеген құжаттамаға сәйкес, ол (базардың – ред.) иесі емес, сондықтан мен оның жеке тұлғасы жайында басқа ештеңе айта алмаймын. Базарға Болат Назарбаевтың қатысы бар деп те заң жүзінде айта алмаймыз. Бұл базар бойынша меншік иесі ретінде тіркелген ЖШС бар, олар осы жол картасына қол қойып, міндеттеме алған. Яғни, солардан жауап сұралады. Олар реестрде тіркелген және ресми меншік иесі саналады. (...) Біз құқықтық алаңда өмір сүреміз. Егер иесі ретінде Болат Назарбаев рәсімделген болса, үлесі болса, келісімшарттарға қол қойса – онда заң алдында бәрі тең, мұнда иммунитет жоқ. Сондықтан біз базарды заңды түрде рәсімдеген адамдармен айналысамыз. Болат Назарбаев ешқандай тергеуден өтіп жатқан жоқ», - дейді министр.