Болмаған балаларға ақы төленген: 17 млн теңгені заңсыз иеленген балабақша анықталды

0
345

11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Болмаған балаларға ақы төленген: 17 млн теңгені заңсыз иеленген балабақша анықталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балабақшалардағы құқық бұзушылықтарды анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Айыртау ауданында мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталып, оған қатысты аудандық қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдары жүргізілуде. Аққайың, Тайынша аудандарының бала-бақшаларында мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы, дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген, соның салдарынан бюджеттен 17 миллион теңге көлемінде қаражат негізсіз төленді», - деп хабарлады прокуратура.

Облыстағы барлық дерлік балабақшада өрт және санитарлық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары жүйелі түрде бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтелді, бұзушылықтар жойылды.