Қазақстанның 7 өңірінде ауа райы нашарлайды деп болжанып отыр.
"Қазгидромет" орталығы мамандары еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
20 қаңтарда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде - секундына 15-20 метр. Көкшетау аласында таңертең және күндіз 20 қаңтарда бұрқасын, тұман, шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - секундына 15 метр.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады.
20 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жеетді. Қарағанды қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 18 метр секунд.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында 20 қаңтарда көктайғақ күтіледі.
Солтүстік-Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 метр секундке, күндіз 15-20, екпіні 23-28 метр секундке жетеді. Петропавлда күндіз бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні 23-28 метр секунд күтіледі.
20 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.