"Боран соғып, қар жауады": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

0
226

Респуликаның басым бөлігінде көктайғақ болады, екпінді жел тұрып, тұман түседі.


фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. 7,8 және 9 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды циклон әсер етіп, ауа райы құбылмалы болады. Жауынның соңы қарға ұласады, деп жазады sputnik.kz.
Еліміздің солтүстік жартысында боран соғып, қар жауады. Респуликаның басым бөлігінде көктайғақ болады, екпінді жел тұрып, тұман түседі.
"7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қатты қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі", - деп жазылған хабарламада.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен өте қатты жел соғады.
Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде минус 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, таулы аудандарда 6-11 градус аяз.