Бораннан беті ауған қасқырлар Нұр-Сұлтан қаласының орталығына кіріп кетті (видео)

0
1 350

Жыртқыштардың қаладан шеткерірек орналасқан Көктал кенті, Талапкер ауылы сынды бөліктерінде де жүргені да айтылған.


Бораннан беті ауған қасқырлар Нұр-Сұлтан қаласының орталығына кіріп кетті (видео)

ERNUR.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Whatsapp желісі арқылы Министрліктер үйінің алдында жүрген қасқырдың суретін таратып жатыр, деп жазады Skifnews.kz.

Сондай-ақ, бір жігіт дыбыс жазбасы арқылы жыртқыштардың қаладан шеткерірек орналасқан Көктал кенті, Талапкер ауылы сынды бөліктерінде де жүргенін хабарлаған. Сөз ретіне қарағанда, ол не полиция, не жедел жәрдем қызметкері болуы мүмкін.

«Саянұр, Тобыл, Көктал, Талапкер жақта қасқырлар жүр дейді. Вызовқа барған жігіттер, байқаңдар! Два восемь один, три два один, по одному не ходите!» - дейді елордалық азамат.

«Боранды күні ит пен бала құтырады» дегендей, міне, енді елорда орталығында ит-құстың өзі еркін жортып жүр. Ауыл-аймақ болса бір сәрі, Нұр-Сұлтан дегеніміз – кәсіпқой аңшыларды айтпағанда, қымбат мылтығы бар «вип-браконьерлер» қоныстанған орталық қой. Ақшұнақ аязда беті ауған көкшұнақтарды біржақты ете алар ма екен?..


Ескерту: осы материалды жариялар сәттегі бір минуттың ішінде Youtube арнасына қаланың Көктал кентінде жүрген қасқырдың видеосы жүктелді.