"Бозжыра - суреттегіден де әдемі": Ресей жұлдыздары Маңғыстауға бағдарлама түсіру үшін әдейі келді (видео)

0
810

​Ресейлік танымал блогерлер тағы да Қазақстанға табан тіреді.


ERNUR.KZ Youtube-тағы вДудь жобасының жүргізушісі Юрий Дудь Ресейде тұрудан біржола бас тартқан әріптесі Руслан Усачевті бағдарлама қонағы ретінде шақырды. Видеоблогер түсірілімнің Каспий жағалауында болғанын қалаған, деп жазады NUR.KZ.


Қазақстан - Руслан Усачев келіп тоқтаған екінші ел. Оның алдында блогер Еуропаның ең жас мемлекеті Черногорияда бір ай болып қайтты. Руслан Усачев ай сайын ел ауыстырып тұрмақ. Ол өзі болған екі елді салыстырмалы түрде сипаттап берді.


"Мұнда (Қазақстанда - ред.) өркениет бар. Ауасынан-ақ сезіледі. Ірі ел, бай ел, адамдарының да талап-тілектері жоғары, қызығушылықтары көп", - дейді Руслан Усачев.

Бағдарлама жүргізушісі Юрий Дудь түсірілімге Каспий теңізінің жағалауын әдейі таңдағанын алға тартты. Ол теңіз жағасында жалаңаяқ жүріп көріп, мұндай қабыршақ жағажайды бірінші рет көргенін айтты. Сондай-ақ түсірілім әйгілі Бозжырада жалғасты. Блогерлер Бозжыра шатқалы суреттегіден де әдемі екенін атап өтті. Бағдарламада блогерлер шұбаттың дәмін татып, оған баға берді.

"Біздің қолымызда кеше сауылған шұбат, барлық дертке ем дейді. Дәмі тіл үйіреді екен. Айранға ұқсайды, ерекше, қызық, тамаша", - деді Дудь.

Бағдарламаның бұл санын бір тәулікте 3 млн адам қараған. Шетелдік блогердің Қазақстандағы көрікті жерлерді жиі көрсетуін көпшілік елімізге тегін жарнама деп қабылдады.


" Юрий Дудь Қазақстанның туризм саласын жарнамалауға Қазақстаннан артық жұмыс істеп жүр", - деп жазды арна көрермендерінің бірі.