Бозжыра шатқалында салынатын қонақ үйдің эскиздері пайда болды

0
3 096

Қонақ үйдің негізгі ғимараттары мен құрылыстарының жалпы ауданы 24 мың шаршы метрді құрайды.​


Бозжыра шатқалында салынатын қонақ үйдің эскиздері пайда болды

ERNUR.KZ. Қоғамдық тыңдауларда TETHYS AKTAU IV компаниясы "Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы қонақ үй кешені" жобасының эскиздерін ұсынды, деп жазады Stan.kz.

Бозжыра амфитеатрында виллалар, бассейндер, мейрамхана, ат қора, тікұшақ алаңы, SPA, фитнес-орталығы және "эскиздік жобаға сәйкес жайлы демалысты қамтамасыз етуге арналған өзге де ғимараттар мен құрылыстар" бар бутик-қонақ үйдің құрылысы жоспарлануда.




Нысанның негізгі ғимараттары мен құрылыстарының жалпы ауданы 24 мың шаршы метрді құрайды.




Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жоспары өткен жылдың қараша айында белгілі болды. Қоғамдық сыннан кейін құрылыс орнын Бозжыраның "ортасынан" 4 шақырым жерге ауыстыру туралы шешім қабылданды.




Бұған дейін америкалық журналист, деректі жазушы, National Geographic ғылыми қоғамының мүшесі Пол Салопек Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалындағы жергілікті жердің құрылысын қазақ халқына қарсы қылмыс деп атаған болатын.