Браконьерлер орманда 18 түп қарағайды қазып алған

0
826

Күдікті ағашты қазып жатқан жерінде ұсталды.


Браконьерлер орманда 18 түп қарағайды қазып алған

ERNUR.KZ. Ақмола облысында браконьерлер орман шаруашылығы аумағында өсіп тұрған 18 түп қарағай ағашын қазып алған, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, браконьер қазып алған ағашты өзінің учаскесіне отырғызбақ болған.

«2020 жылғы сәуірдің 17-інде Ақкөл аудандық ПБ қызметкерлері мен Краснобор орман шаруашылығының жұмысшылары Степной орман шаруашылығы аумағында өсіп тұрған 18 түп қарағай ағашының қазып алынғандығын анықтаған. Күдікті ретінде Астрахан ауданының тұрғыны, бұрын сотты болған 50 жастағы ер адам ұсталды. Алдына ала мәліметтер бойынша келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеден асады. Күдікті ағашты қазып жатқан жерінде ұсталды. Сондықтан, ағаштар қазылған жерінде қалды. Ер адам ПБ кезекшілік бөліміне жеткізілді», - деді тәртіп сақшылары.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде осыған байланысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.