Бұдан былай «Сергек» жаяу жүргіншілерді де бақылайды

0
669

Енді "Сергек" камералары жаяу жүргіншілер өткелінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" бұзушылықтарын тіркей бастайды.


Бұдан былай «Сергек» жаяу жүргіншілерді де бақылайды

ERNUR.KZ. Елордадағы "Сергек" камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, енді "Сергек" камералары жаяу жүргіншілер өткелінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" бұзушылықтарын тіркей бастайды. Бүгінде елорданың 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткеліндегі "Сергек" камераларында бұл қосымша функция іске қосылмақ. Қосымша функция "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде енгізілген.

Полицияның ақпаратынша, 2021 жылы қаладағы жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 100-ге жуық адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды", - дейді құзырлы орган.

Осы ретте, полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларына бір-біріне өзара құрмет көрсетуді, ал жүргізушілерге абай болуды және жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетуге кеңес береді.